Түркия телекомпаниялары «Даиш» лидері өлтірілген үйді көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия телекомпаниялары «Даиш» лидері өлтірілген үйді көрсетті

02.05.2023

Түркия телекомпаниялары «Даиш» лидері өлтірілген үйді көрсетті. Ол Сирияның Джиндирис қаласында орналасқан. Және де бұл шаһар - Анкараға арқа сүйеген көтерілісшілер бақылауында.

Айта кетсек, Әбу Хуссейн әл-Құрашидің жойылғанын президент Реджеп Тайып Ердоған да жариялады.Сирия қауіпсіздік күштері де «Даиш» жетекшісіне қарсы рейд жүргізілгенін растап отыр.

Сирия мен Ирактың айтарлықтай бөлігін 2014 жылы басып алып, халифат жариялаған «Даиш» басшылығына әл-Құраши былтыр қараша айында тағайындалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу