Түркияда әскерилер 15 содырды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда әскерилер 15 содырды мерт қылды

13.05.2016
Түркияда әскерилер 15 содырды мерт қылды
Рейд елдің оңтүстік-шығысында жүргізілген.

Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелеріне қарсы арнайы операция барысында 15 содыр мерт болды. Рейд елдің оңтүстік-шығысында жүргізілген.

Түркия Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, жанжалдан 8 түрік жауынгері де қаза тапты. Олардың 6-ы Хаккари провинциясында өлтірілген. Тағы екеуі ұрыс болып жатқан жерде құлаған тікұшақтың ішінде болыпты.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу