Жаңаөзендік 5 мыңға жуық оқушы үйірмеге барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендік 5 мыңға жуық оқушы үйірмеге барады

25.04.2023

Жаңаөзендік 5 мыңға жуық оқушы шығармашылық және спорттық үйірмелермен қамтылған. Балалар бос уақытын тиімді өткізіп, қабілетін дамытуына қолайлы жағдай жасау үшін 45 жылдық тарихы бар Оқушылар үйі күрделі жөндеуден өтіп, биыл қолданысқа берілді. Қайта жаңғырған шығармашылық үйінде 97 үйірме бар. Одан бөлек Жаңаөзендегі орта мектептер мен қалаға қарасты ауылдардың мектебінде 10 аула клубы жұмыс істейді. Оқушылардың, әсіресе, робототехника үйірмесіне ықыласы зор, дейді мекеме директоры. Қазір робот техникасын жасауды үйренуге 200-ге жуық бала келеді екен. Енді робот тапшылығы байқалып отыр.

Жұмабике Жаманова, Жаңаөзен қаласы Оқушылар шығармашылық үйінің директоры:

Роботтың тапшылығы бар. Біз енді тендерге ұсыныстар беріп қойдық. Олардың бағасы қымбат. Дегенмен де біз балаларға қосымша тағы 10-15 робот алуға ұсыныс беріп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу