Өскеменде балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмысы жанданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмысы жанданып келеді

13.09.2019

Шығыстың бас шаһарында 6-мен 16 жас аралығындағы жеткіншектерге қосымша білім беретін осындай 29 жұмыс істейді. Биыл қалалық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 клубта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа құрал-жабдықтар алынды. Бұл жерде әр балаға үйірмеге жазылып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік мол. Қазіргі таңда Өскемендегі осындай клубтарға барлығы 6-мыңға жуық бала келіп жүр.

Инара Бектұрғанова, 9-сынып оқушысы:

Командамен әртүрлі тренинг және дебаттық байқаулар өткізіп жүрміз. Сонымен қатар осы клубта, дебаттан бөлек, кішкентай балалар сурет салады, әртүрлі үйірмелерге қатысады. Баланың логикалық ой-қабілетін дамыту үшін түрлі логикалық ойындар бар.

Берік КӨШЕРБАЙ 

Хабарламаларға жазылу