Карина Данилова – ұлықтау рәсімінде Президентті шығармасымен толғантқан оқушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карина Данилова – ұлықтау рәсімінде Президентті шығармасымен толғантқан оқушы

29.04.2015
Карина Данилова – ұлықтау рәсімінде Президентті шығармасымен толғантқан оқушы

Озат оқушы қолымен жазған шығармасын Н.Назарбаевтың көпшілікке айтып бергеніне сенер-сенбесін білмей отыр.

Баласының есімін Президенттің аузынан естігенда анасының көзіне жас келген. «Кішкентай кезінен елдің патриоты болуға тәрбиелеген еңбегім еш кетпеді», - дейді.

Оқушы мектепті үздік бітіріп, жоғары білімді ветеринар болуды армандайды. Қосымша үйірмеге 4 жылдан бері қатысады. Бұл- азаматтық болмысымды қалыптастыруға қажет, - дейді ол.

Елбасының бұл жолғы ұлықтау рәсімі кішкентай Каринаның есінде мәңгі қалары сөзсіз.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу