Астанада 13 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 13 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

04.08.2014
Астанада 13 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Биыл жаңа оқу жылында 13 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.

1 қыркүйекте Астанада 83 мектеп бүлдіршіндерге есігін айқара ашпақ. Оның ішінде 71-і мемлекеттік болса, 12-і жеке меншік мектеп. Онда 94 712 оқушы білім алады.

Сонымен қатар, қаладағы жалпы білім беру мекемелерінде 6038 педагог қызмет етеді.

Хабарламаларға жазылу