Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері

25.04.2015
Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен 100 жетістігін баяндайтын айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін, білім беру саласын қаржыландыру тақырыбын сөз етеміз.

Білім кемелді келешек кепілі. 2010 жылмен салыстырғанда елдегі балабақшалар саны 31,3 пайызға көбейген. Осы бақшаларда 727 мыңнан астам балғын білім алады. 3-6 жас аралығындағы балалардың 78,6 пайызы балабақшаға барады. Оларды 75 мыңға жуық ұстаз тәрбиелеуде.  

Ал, орта білім беретін мектептер саны 7222-ге тең. Осы білім ордаларында 2 милилон 600 мыңнан астам оқушы оқиды. 300-мыңға жуық ұстаз білім береді. Ал, Ұлттық бірыңғай тесттегі орташа балл 77 баллға таяу. Білім беру сапасы жоғары деңгейдегі Назарбаев Интеллектуалдық мектептері еліміздің барлық облыс орталықтарында ашылды. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесіде өз шешімін табуда. Олардың саны 118-ге дейін кеміген.

Хабарламаларға жазылу