Малайзияда еріктілер мұқтаж жандарға тағам таратып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда еріктілер мұқтаж жандарға тағам таратып жатыр

20.04.2023

Малайзияда азықты ысырап қылушылармен күрес жалғасып жатыр. Мұнда еріктілер ел астанасы Куала-Лумпурдағы 50 шақты Рамазан базарын аралап, қалған тамақты жинап, оны мұқтаж жандарға таратады. Кейінгі үш аптаның өзінде олар сатушылармен ынтымақтастық орнатып, 20 мың келі ас жинаған. Бұл акцияның негізгі мақсаты – аштыққа ұшыраған адамдар санын азайту.

Еріктілердің айтуынша, олар бұл жұмысты қолға алмағанда, аталған базарлар Қасиетті айда 75 мың тонна тағамды қоқысқа төгер еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу