Маңғыстаулық Ибрагим Дуниямалиев мұқтаж жандарға көмек көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық Ибрагим Дуниямалиев мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

07.11.2015
Маңғыстаулық Ибрагим Дуниямалиев мұқтаж жандарға көмек көрсетуде
Маңғыстау жерінде сиыр бағып, сүтін мұқтаж жандарға тегін тарататын қайырымды жан тұрады.

Ибрагим Дуниямалиев 22 жылдан бері Зеңгі баба тұқымын өсірумен айналысады. Күніне 80 литрдей сүт сауып, оны мұқтаж жандар мен мүгедектерге өзі апарып береді.

Ибрагим Дүнамалиевтің шаруашылығы Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылдық округінде орналасқан. Шаруа Ресей мен еліміздің басқа өңірлерінен әкелінген сауын сиырларына құнарлы жем-шөп беріп, қоңды ұстайды.

Нәтижесінде бір күнде 80 литрге жуық сүт береді. Ибрагим 4 баласынан артылған ағарғанды алдымен 1-топтағы мүгедектерге, қалғанын мұқтаж жандарға тегін таратып шығады.

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу