Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілер мұқтаж жандарға жәрдемдесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілер мұқтаж жандарға жәрдемдесуде

24.04.2020
0:00:00
0:00:00

Қазіргі жағдайда тұтас ел бойынша волонтерлар көмекке мұқтаж жандарға жаппай жәрдемдесуде. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің басын қосқан ұйымдар белсенді. Олар әр күн сайын тұрғындарға азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізіп жатыр.

Волонтерлар азық-түлікпен қоса, 50 даналы бір қорап маска да таратып жатыр. Нұр-Сұлтанда «клуб добряков» ұйымы да бар. Олар да аянып қалып жатқан жоқ.

Волонтерлар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге және жалпы көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп жатыр. Бұл игі істің ауқымы алдағы уақытта артпаса, кемімейді.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу