Құрбан айтта елордалық еріктілер мұқтаж жандарға ет таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айтта елордалық еріктілер мұқтаж жандарға ет таратты

09.07.2022

Құрбан айт мерекесіне орай елордада волонтерлар көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға ет таратты.

Игі іске қала әкімдігі мен «Астана жастары» ресурстық орталығы мұрындық болды. «Жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс. Осы арқылы аз да болса бір-бірімізге деген жан жылуымызды сездіріп, қолдау көрсеткіміз келеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Игілікті іс-шарадан демеушілер де, ниет білдірген қарапайым қала тұрғындары да шет қалмады.

Аян Ерментаев, Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

 Мыңға жуық отбасыны ет өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бұл шара бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Соңғы 5 жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бір волонтер кем дегенде 3-4 отбасыға жеткізіп беретін болады.

Хабдулхамит Түкеев, қала тұрғыны:

Құрбан айттарыңыз қабыл болсын. Дендеріңіз сау болсын, көздеген мақсаттарыңа жетіңіздер. Көмек беріп жатқандарыңызға көп рахмет.

Хабарламаларға жазылу