Ақтөбе облысында бес ауыл алтыншы күн жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында бес ауыл алтыншы күн жарықсыз отыр

20.04.2023

Ақтөбе облысында 5 ауыл алтыншы тәулік жарықсыз отыр. Бұл елді мекендердің үшеуі Ырғыз, қалған екеуі Шалқар мен Хромтау аудандарында орналасқан.

Естеріңізге салсақ, қолайсыз ауа райының салдарынан 14-ші сәуірде өңірдегі 40 ауылда жарық өшкен болатын. Жауаптылар жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуін апат болған жерлерге көліктің жете алмауымен түсіндіреді. Өйткені, жауыннан кейін жолдар ми батпаққа айналған. Сондай-ақ, құлаған бағаналарды ауыстыру да көп уақыт алып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу