Алматыда жаңа фильм жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа фильм жарыққа шықты

19.04.2023

Алматыдағы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Ауылбайский участковый» фильмінің премьерасы өтті. Tiger Films продюсерлік компаниясына тиесілі жаңа туындының алғашқы көрсетіліміне түсіру тобы, кино саласының өкілдері, эстрада әншілері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сюжет бойынша Батырбек есімді жас полиция қызметкерінің маңызды операциясы сәтсіздікке ұшырап, ауылдағы қарапайым учаскелік полиция бөліміне ауыстырылады. Қалаға қайтып оралу үшін ол аты шулы қылмысты ашуы керек болады. Бір қарағанда, ауылда ешқандай тәртіп бұзушылық жоқ.

Олжас Абай, басты рөлді сомдаушы:

Қаладан тәжірибесі бар адам келіп, халықтың қал-жағдайын сұрап, үлкен кісілердің жағдайын сұрап, солармен біте қайнасып, проблеманы шешіп беріп, ауылдың ауыз су мәселесін, басқасына да араласа кетіп, ауыл өзін қолдап, қоршағанннан кейін сол жерге деген махаббаты артып, сол ауылда қалып қалғысы келетінінде.

Осылайша тәртіп сақшысының салы суға кете бастайды. Себебі, ауыл тұрғындары тәртіпті. Тіпті бір-бірімен төбелес шығармайды. Амал жоқ өзі қолдан атышулы қылмыс ұйымдастыруға шешім қабылдайды.

Ален Ниязбеков, фильмнің режиссері:

Біз достарымызбен қандай фильм түсірімез деп көп ойландық. Ақылдаса келе бәріміздің, ұлтымыздың алтын бесігі ауыл жайлы комедия түсіруді жөн көрдік.

Tiger Films компаниясы көркем фильмдер түсіру мақсатында 2021 құрылған. Қазірдің өзінде прокатқа он бір фильмді сәтті шығарды. Әлі талай көрерменнің көзайымына айналатын туындылар ұсынуды жоспарлап отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу