Астана қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қар құрсауында қалды

17.04.2023

Елорда әлі де қалың қар құрсауынан босамады. Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Көлік қатынасы қиындап, тұрғындар жұмыс орындарына жете алмай әбігерге түсті. Елордада құтқару бөлімшелеріне ауа райына байланысты 3500-ден астам қоңырау түскен.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қала көшелеріндегі жағдай әлі де толық реттелмеген. Әкімдіктің мәліметі бойыцнша комуналдық қызмет қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 100 нан астам техника мен 2200 ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Өткен түннің ішінде бас қаладан 23 мың текше метр қар шығарылған. Соңғы 3 тәулікте бас қалаға 1 айылқ нормадан 1,5 есе көп қар жауыпты.
Коммуналдық қызмет алдымен көлік ағыны көп үлкен көшелерді тазалайды. Ал мынадай шағын көшелер кейінге қалдырылады. Ал, үй аулаларындағы жағдай тіпті қиын. Пәтер иелерінің коопреативі немесе тұрғындар өздері тазалауы керек. Таңнан бері осы аулаларда бірін бірі итеріп, қар құрсауынан шыға алмай жатқан көліктер көп болды. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да қиындады. Аялдамаларда адам көп, автобустардың жүру интервалы ұзарған. Тіпті жолаушылар өздері отырған автобусты итеріп, жолға түсірген жағдай да болды. Сұраныстың жоғары болуынан такси қызметі де қымбаттап кеткен. Тұрғындар таңғы уақытта баға кемінде екі өскенін айтып шағымдануда. Оның өзінде көлік тапшы болды.
1 тәулік ішінде елордада 144 жол көлік оқиғасы тіркелген. Полиция қызметінің хабарлауынша олардың барлығы жазғы дөңгелекпен жүрген. Бұл ресми тіркелгені ғана. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан шығатын 4 бағыт бойынша көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Яғни жол жабылды. Құтқару қызметі арнайы техникамен сол жолдарды патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқару қызметіне 1 тәулікте әр түрлі мәселемен 3500 астамқоңырау түскен.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-2 курс студенттері мен мектеп оқушыларына сабақ қашықтан жүргізіліп жатыр.
Ауа райының тосын мінезі әуе қатынасына да кедергі келтірді. Таңнан бері 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі уақытынан кешіктірілді.


Хабарламаларға жазылу