Ақтөбеде көліктер қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көліктер қар құрсауында қалды

11.11.2021

Ауа райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысында ондаған көлік жолда қалды.

Дегенмен,құтқарушылар жағдайды тез арада реттей алды.Өңірде өткен түнде қар жауып, бұрқасын соққан еді.Салдарынан, жолдарды қар басып, кей бөліктері көктайғаққа айналған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс аумағында 156 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазір жолдар тазартылып жатыр. Бүгін түстен кейін «Самара-Шымкент» тас жолының Хромтау қаласынан Қарабұтақ елдімекеніне дейінгі бөлігі жабылды. Мамандар алдағы тәулікте де қолайсыз ауа райы сақталуы мүмкін екендігін ескертіп отыр.

Нұрбек Оралбаев, ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы:

«Ауа райыныңжаман болуына байланысты, жол тайғақ болып, ескі көліктер төбешіктер бар, соғанкөтеріле алмады. Қазіргі таңда жағдайды қалыптастыру мақсатында тұз және құмсебу, яғни жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде».


Хабарламаларға жазылу