Алматы қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қар құрсауында қалды

17.01.2024

Алматы қар құрсауында қалды. Синоптиктердің мәліметінше, ақ ұлпаның қалыңдығы 19 санитметрге жеткен. Таңнан кептеліс болып, көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет, қазір орталық көшелерді тазартып жатыр. Ал, жаяу жүргіншілер жолы әлі қардан аршылмаған. Әкімдік өкілдері кеше түннен бері мыңнан аса жұмысшы мен 425 арнайы техника жұмылдырылғанын айтады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, тұрғындарды көктайғақ кезінде сақ болуға шақырды.

Ал Батыс Қазақстан облысында боран күшейіп, 8 бағыттағы жол бөлігінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Мектептерде 6-сыныпқа дейін сабақ қашықтан оқуға көшірілді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу