Еуропада бірнеше мемлекет қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада бірнеше мемлекет қар құрсауында қалды

20.01.2023

Австрия мен Хорватияға жауған 20 сантиметрлік қар көлік қозғалысын қиындатып, тас жолдар жабылды.

Ауа-райының қолайсыздығынан 13 мыңнан астам үйдің тұрғындары бірнеше сағат жарықсыз отырған. Словенияда да ағаштар қалың қарды көтере алмай құлап, шаһарда көлік кептелісін туғызды. Биліктегілер тұрғындарға әзірге саябақтарға бармауға кеңес беруде. Себебі, ағаштың астында қалу қаупі зор.

Кристиан Дэкон, Австрия азаматы:

Биыл қар жаумайтын шығар дегенбіз. Күн жылып кетіп еді, қайтадан күрт суытты. Қарға қуанамыз. Бірақ, жол жүру қиын. Тайғақ. Жол апаты көп. Үйде отырған дұрыс. 


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу