Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

23.01.2020

Сондай-ақ, еліміздің тоғыз облысында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Екатеринбург-Алматы, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, Нұр-Сұлтан-Петропавл, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Өскемен-Риддер, Ақтөбе-Атырау, Щучинск-Зеренді, Жезқазған-Петропавл, Қостанай-Әулиекөл және бірнеше бағыттағы жолдар жабық. Ішкі істер министрлігі қарлы боранға байланысты азаматтарға жолға шықпауды ескертіп отыр. 

Сонымен қатар, Елорда маңындағы тас жолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 

Қазіргі кезде Қосшы кентіне қатынайтын №303 автобустың қозғалысы ғана қалпына келтірілген. Тұман, көктайғақ, бұрқасынның салдарынан тұрғындар қалаға жете алмай жатыр. Қазір полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. 

Cаламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу