Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтауы мүмкін

13.04.2023

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтауы мүмкін. Кәсіпорында табиғатты қорғау заңнамасы жүйелі түрде бұзылған. Яғни ауаға тарайтын лас қалдықтарды шамадан тыс шығарғандықтан, экологиялық рұқсатты бір айға тоқтату туралы сот шешімі бар. Алайда, екінші сатыдағы сот төтенше жағдай қаупін азайту үшін кәсіпорынның заң бұзушылыққа жол бергенін алға тартып, алдыңғысының күшін жойды. Айта кетсек, биылдан бастап экология министрлігіне табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындардың жұмысын сот арқылы тоқтату құқығы берілді.

Айдар Әбдуәлиев, экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Қазір зауытта тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тағы да заң бұзушылық анықталса, зауыттың жұмысын тоқтату туралы материалдар қайтадан сотқа беріледі. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған басқа кәсіпорындарды да осындай жаза күтіп тұр.

Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуаты екі есе арттыру қажет. Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деп тапсырма берді. Яғни кәсіпорын бұдан бұрын жоспарланғандай жылына 9 млн тонна емес, 12 млнға дейін өнім шығаруы тиіс. Бұл жұмысты жаңадан салынатын қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысымен қатар жүргізу керегін де айтты.

Райхан Сайранбек


Хабарламаларға жазылу