Петропавлда ламинатталған тақтай шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ламинатталған тақтай шығарылады

13.04.2023

Петропавлда жиһаз өндірісне арналған ламинатталған тақтай шығарылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған сенат депутаттары өндіріс ошағының құрылысын көрді. Қазір фанер шығаратын зауыт жанынан жалпы ауданы 30 мың шаршы метр ғимарат салынуда. Жоспарға сай, нысан келер жылы тапсырылмақ. Фанерден қалған ағаш үгінділері кәдеге жаратылады. Сонымен қатар, халық қалаулылары облыс орталығындағы басқа да ірі кәсіпорындарға барып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің міндетіміз - қазіргі негізгі проблемаларды анықтау. Екінші, Қазақстанды қамтуды дамыту. Осы өңдеу саласындағы проблемалардың басым бөлігі шикізатқа бейімділігі, жаңа технологиялармен инновациялық жаңашылдықтарды енгізу мәселесі әлсіз болып жатыр. Үшінші, кадр мәселесі мен шикізаттың жетіспеушілігі.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу