Петропавлдағы студенттердің төбелесі видеоға түсіп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы студенттердің төбелесі видеоға түсіп қалған

23.10.2019

Петропавлда жоғары оқу орнының студенттері жаппай төбелесіп, 40 шақтысы ұсталды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өзара келісе алмаған жастар Есіл өзенінің жағасына барып, жаға жыртысқан. Төбелескендерді сол маңдағы тұрғындардың бірі телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Кінәлілер анықталса, жазадан құтылмайды.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры: 

40 шақты студент қатысқан бұл төбелеске. Өзара бір затты бөлісе алмағандар мәселені жұдырықтасу арқылы шешпек болған. Әр тарап өздерінің курстастарын, достарын шақырған кездесуге. Төбелесті бастағандар оқудан, қатысқандар жатақханадан шығарылады. 

Сағындық Сәбитұлы


Хабарламаларға жазылу