Өскемен қаласының тұрғыны Вадим Ушаков дөңгелекті монша құрастырып шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласының тұрғыны Вадим Ушаков дөңгелекті монша құрастырып шығарған

10.03.2016
Өскемен қаласының тұрғыны Вадим Ушаков дөңгелекті монша құрастырып шығарған
Өскемен қаласының тұрғыны Вадим Ушаков дөңгелекті моншамен кәсібін дөңгелетіп жүр. Оның халыққа қызметтің осындай ерекше түрін ұсынғанына көп уақыт бола қойған жоқ.

Жастайынан ағаш пен темірден түйін түйіп өскен шебер бұл моншаны өзі құрастырып алған.

Вадим Ушаковтың ағаш өңдеумен айнылысқанына 6 жылдан асыпты. Алғашқыда бөренелерді тіліп, тақтай сатқан. Уақыт өте келе, ағаштан монша құрастыра бастайды. Ал, оны көлігіне тіркеп алып, бизнестің жаңа түрімен айналысуға «қала тұрғындарының өзі түрткі болды», дейді.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу