Тауар өндірушілер субсидиядан қағылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауар өндірушілер субсидиядан қағылуы мүмкін

12.04.2023

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 256 млрд теңге көлеміндегі субсидияны ала алмай қалуы мүмкін. Қаржыдан қағыламыз ба деп алаңдағандар саны 40 мыңнан асады. Себебі, бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Бұл туралы мәжілісте депутат Айдарбек Қожаназаров айтты. Оның сөзінше, gosagro.kz жүйесі 60 млрд теңге сомасындағы 1 800 өтінімді немесе қаржыландыру көлемінің 37 пайызын кері қайтарған. Жүйедегі жұмыстың шикілігінен фермерлердің 90 пайызы тиісті төлемді ала алмады. Енді, 4 ай бойы несие бойынша толық мөлшерлемені – 20-25 пайыз көлемінде төлеп жатыр. Болжам бойынша бұл жағдай жарты жылға созылады, демек фермерлер несие бойынша ауыртпалықты мойнына алуға мәжбүр дейді депутат.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» Партиясы фракциясының жетекшісі:

«Қолдау» ол қазір жабылды. Анау «Егіс» қазір әрең, шикі жұмыс істеп жатыр. Бірақ, ең соңында зардап шегіп жатқан ол біздің қарапайым шаруамыз. Анау терлеп-тепшіп, ауа райына қарамай далада жұмыс істеп жүргендер. Сондықтан да қазір біз бүкіл адамдарды, сарапшыларды жинап алып, осы мәселені шешіп тастайық шешпесе бұрыңғыдай қағазбен заявканы алып, субсидияны таратайық деген ұсыныс беріп жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу