Елімізде жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті

29.04.2020

Жұмыртқа өндірушілер субсидиядан қағылмайтын болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді биыл да жалғастыра береді. Ол үшін қазынадан 5 миллиард теңге бөлу қарастырылды. 

Еске салайық, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасына сай 2020 жылдан бастап жұмыртқаға субсидияны алып тастау жоспарланған еді. Алайда, қазіргі төтенше жағдайға қарай, бұл өнімнің құны күрт өсті. Сондықтан министрлік кәсіпкерлерді қолдау мақсатында осы қадамға барып отыр. Айта кетейік, елімізде 30-дан астам құс фабрикалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жылына шамамен бес жарым миллиард жұмыртқа өндіреді. Өнімді экспортқа шығару үшін де тиісті көмек көрсетілетін болады.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу