Үздік тауар өндірушілер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік тауар өндірушілер анықталды

27.07.2018

«Қазақстаның үздік тауары» республикалық байқауына Астана атынан қатысатын брендтің есімі белгілі болды. Оның ішінде өнеркәсіптік өнімдер мен халыққа арналған тауарлар және үздік азық-түлік өнімдері бар.   Республиканың үздік отандық тауар өндірушілері дәстүр бойыншы жыл соңында анықталады.

Ботагөз Алтынбек бұрын біраз жыл құрылысшы болған. Қазір шағын кәсіпкер.  Бала-шағасын айтпағанда 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қолдан тамақ өнімдерін жасап қала дүкендеріне сатады. Бүгін «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

Q-хоум немесе қазақ үйі. Жеңіл өнеркәсіп нарығына қосылған жаңа бренд.  Көрмеге биыл алғаш рет қатысып отыр. Құрақ көрпелер мен трикотаж, текстиль өнімдерін тігеді. Қолдан жасалған дүниеге сұраныс көп.

Асел Қожақова, кәсіпкер:

- Біздің бизнес бастағанымызға бір жыл да болған жоқ. Көрмеге шақырту алғанымызға қуаныштымыз. Басты ерекшелігіміз - ұлттық нақыштағы өнімдер мен жоғары сапа. Әзірге сауда тек интернет арқылы, болашақта дүкендердің біріне шығамыз деген жоспар бар.

Көрме қорытындысы бойынша үш аталым бойынша 9 үздік тауар өндіруші анықталды. Оның ішінде су сүзгісі құрылғысы  мен құрылысқа қажетті көбік пен герметика шығаратын отандық тауар өндірушілер бар.

Ален Түлкібаев,  Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Биылғы көрмеге 70-тен астам отандық кәсіпкер қатысуда. Оның жартысына жуығы халыққа арналған тауар шығаратын кәсіпорындар. Конкурстың жылдан-жылға беделі артып келеді.

Қазақстанның ең үздік  тауар өндірушілерінің байқауы дәстүр бойынша жыл соңында қорытындыланады. 

Биыл қатысушылар саны жылдағыдан да көп болады. Себебі, жаңа Түркістан облысынан қатысушылар келеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу