Қарағандыда заңсыз қазандық жұмысы тоқтатылды
Қарағанды қаласындағы ел ішінде «Байқоңыр» аталып кеткен қазандықтың жұмыс істеуіне сот тыйым салды. Еске салсақ, бұл нысан қаланың Күнгей ықшам ауданындағы 60 үйді жылытып отырғанын бұған дейін айтқанбыз. Жеке үйлермен қатар қоныс тепкен қазандықтан шығатын түтін мен қара күйеге тұрғындардан бірнеше рет шағымданған. Осы іске араласқан экологтар қазандықтың рұқсат құжаты жоқ екенін анықтап, жұмысты тоқтатуды талап етті. Сот жылыту нысанының жұмыс істеуіне заңды тұрғыда хақысы жоқ деген үкім шығарды.
Айгүл Мүтәлләпова, облыстық мамандандырылған экономикалық соттың БАҚ үйлестірушісі:
Сот қазандықтың иелері рұқсат құжатсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын анықтады. Бұл экология департаментінің талап арызын қанағаттандыруға негіз болды. Себебі олар құзырлы органнан рұқсат алмастан жұмысын жүргізіп отырған. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10