Қостанайда кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

26.08.2014
Қостанайда кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

Қостанайда «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық.

Қазақстанның Даму банкі журналистерге арнап осы нысандарға пресс-тур ұйымдастырды. Солардың бірі – «Toyota Fortuner» автомобильдерін құрастыру зауыты. 

Келешекте өндіріс қуатын жылына 3 000 автокөлік шығаруға жеткізу жоспарланып отыр. Зауыт іске қосылып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу