Өңірлердегі дизель отыны тапшылығының себебі анықталды
Қазақстанда 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ. Кейбір жанармай құю станциялары сұйық отынды әдейі сатпай отырған. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен отырыста белгілі болды.
Қазір тапшылықты қолдан жасаған 152 жанармай бекетіне шара қабылданып жатыр. Энергетика министрлігінің дерегінше, республика бойынша 309 мың тонна дизель отынының қоры бар. Сәуір айында тағы 441 мың тонна отын өндірілмек. Ал ауыл шаруашылығы мен ҚТЖ қызметі үшін бұл айда 510 мың тонна сұйық отын болса жеткілікті. Роман Скляр алып-сатарлар мен мұнай базаларында отын қорын жасырып қоюға жол бермеу керектігін тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49