БҚО-да жұқпалы ішек ауруы көбейген
Батыс Қазақстан облысында балалар арасында өткір ішек инфекциясы 14 есеге көбейген. Жыл басынан бері 140 адам осы ауруға шалдыққан. Өңірде, сондай-ақ, созылмалы вирустық гепатит, описторхоз және тұмау үш есеге өскен. Ал керісінше, коронавирус 54 есеге дейін түсіп, үш жылға созылған пандемия кезеңінің аяқталуы жақын. Еліміздің өзге аймақтары мен жалпы әлемде күрт таралған қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бірақ шетелден, көрші өңірлерден инфекцияның келу қаупі бар. Сондықтан балаларға уақытылы екпе салынбақ.
Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Ішек инфекциясы аурулары көбеюінің негізгі себебі - үйде дайындалған тағамдарды дұрыс сақтамау, дұрыс термиялық өңдемеу. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында жиі кездеседі. Олардың жеке гигиена сақтамауы кесірінен осы ауру бағыты өсіп отыр. Ағымдағы жылы қызылша ауруына күдікпен бір жағдай тіркелді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Енді жеке деректерді кім таратқанын тексеруге болады
07.04.2026, 11:03
Таразда қазақ дизайнерлерінің ерекше туындылары көпті тәнті етті
07.04.2026, 10:30
Астанада десантшы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
07.04.2026, 10:29
Қазақстанның жаңа Конституциясы Канада парламенті сенатында талқыланды
07.04.2026, 10:28
Өскеменде тұрғындарға қауіптің алдын алуды дрондар арқылы ескертіп жатыр
07.04.2026, 10:27
Киберқауіпсіздік бойынша жаңа технология сынақтан өтіп жатыр
07.04.2026, 10:23
Иран Парламенті Ормуз бұғазына қатысты жаңа заң жобасын талқылап жатыр
07.04.2026, 10:22
Алматыда сталкинг үшін сот үкімі шықты
07.04.2026, 10:21