Колумбияда тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

06.04.2023

Колумбияның орталығында вулканның сейсмикалық белсенділігі күшейді. Сондықтан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Болжамдарға қарағанда алдағы күндері жанартау атқылай бастауы мүмкін. 2500 тұрғынды эвакуациялауға бұйрық берілді. Сонымен қатар Невадо дел Руис вулканына жақын орналасқан ұлттық парк жабылып, 10 шақырым радиуста орналасқан мектептер онлайн режимге көшірілді. Соңғы рет бұл жанартау 1985 жылы оянған еді. Таудан көшкен топырақ пен тас Армеро қаласын басып қалған. Сол кезде табиғи апаттан 25 мыңдай адам қаза тапты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу