Грекияда орман өрті ауылдарға жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда орман өрті ауылдарға жақындап қалды

21.07.2023

Грекияда орман өрті ауылдарға жақындап қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тілсіз жаудың қарқыны күшейе түскен. Өңірдегі аптап ыстық пен күшті жел жалынның таралуын жылдамдатып отыр. Ауа-райы болжамы да көңіл көншітпейді. Бүгін және демалыс күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу