Украинаның оңтүстігінде мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның оңтүстігінде мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

07.06.2023

Украинаның оңтүстігінде мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Президент Владимир Зеленский мәлімдегендей, алапат тасқын 80 елдімекенге жетуі мүмкін. Сонымен қатар көтеріліп келе жатқан Днепр өзенінің суы Херсон қаласына да жайылды. Мұндағы 40 мыңдай адам эвакуациялануы тиіс. Ресей бақылауындағы Жаңа Каховка дамбасы мен гидроэлектр станциясы дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жарылды. Апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Украина мен Батыс елдері бөгетті Ресей армиясы қиратты деп есептейді. Алайда Мәскеудің мәлімдеуінше, резервуарға Украина қарулы күштері шабуыл жасаған.

Айта кетсек, Жаңа Каховка Ресей бақылауындағы Қырым мен Запорожье атом электр станциясын да сумен қамтамасыз етіп келген еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу