БҚО-да Подстепное ауылында тұрғындар эвакуацияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Подстепное ауылында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

01.04.2024

Батыс Қазақстан облысының бес ауданы мен Орал қаласында 400-ге жуық үйге су кірген. Қала мен 4 ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қала іргесіндегі Подстепное ауылында тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Біз Орал қаласының іргесіндегі Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында тұрмыз. Ауылға түнде су жайылып, дәз қазіргі ақпарат бойынша 80 үйді су басқан. Тұрғындар түннен бері қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр. Эвакуациялық орталық аудандық колледжде орналасқан. Ауылға су жан-жақтағы сай-саладан келіп жатыр. Дәл қазір біз Орал халықаралық әуежайға барар жолда тұрмыз. Жол жабық. Өйткені ауылда жиналған қарғын суды жолдың екінші бетіне жіберіп жатыр. Бұл жерде құтқарушылар мен полиция, жергілікті әкімдік өкілдерінің күш құрылымы жұмылдырылған. Сондай-ақ өңірде Шаған және Деркөл өзендері арнасынан асқан. Апаттың алдын алу жұмыстары басталып кетті. Кардиология орталықтағы науқастар, қалалық аурухана көшірілді. Орал қаласындағы 5 эвакуациялық орталыққа 200-ге жуық адам орналастырылған.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу