Атырауда ауаны ластағандар ісі прокуратураға жолданады
Атыраудың экологиясын ластағандарға қатысты іс прокуратураға жолданбақ. Бұл туралы салаға жауапты министрлік хабарлады. Ведомство өндіріс орындарында жұмысты жүйелеуді тапсырды. Облыс халқы үшін осы апта оңайға соққан жоқ. Бір күнде қоршаған ортаға залал келтірген үш оқиға тіркелді. Үшінші сәуір күні мұнай өңдеу зауыты мен мұнай-химия кешенінен ақау шығып, ауаға зиянды заттар тарады. Әрі резерват аумағындағы өрттен пайда болған қою түтін жағдайды одан сайын ушықтыра түсті. Қазір «Ақжайық» мемлекеттік қорығында қызыл жалынның беті қайтты. Маңғыстаудан келген тік ұшақ көмегімен өрт сөндіріліп жатыр. Соңғы ақпарат бойынша қызыл жалын бес күнде 130 гектар аумақты шарпыған.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03