Түркістан облысында марокколық шегіртке қаптады
Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі хабарлады. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізіліп, алдағы күндері өңдеу шараларын бастау жоспарланып отыр. Өзге өңірлерде жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошағы анықталған кезде басталады. Жалпы биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың болжамынша, зиянкес 1,6 млн гектардай аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінде 385 мың гектардан астам пестицидтер қоры бар. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылған. Өңдеу жұмыстарына арнайы техника мен әуе көліктері жұмылдырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03