Энергетика саласында ынтымақтастық күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика саласында ынтымақтастық күшейді

04.04.2023

АҚШ пен Еуроодақ әлемдік энергетика нарығын тұрақсыздандыруға бағытталған кез келген әрекетке қарсы тұрмақ. Мұндай келісім Брюссельде өткен дөңгелек үстел барысында жасалды. Тараптар арасында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық былтыр Ресей Еуропаға газ тасымалдауды қысқартқан соң күшейген еді. Украинадағы қақтығыс кәрі құрлықта энергетикалық дағдарыс тудырып, бағаның шарықтауына әкелген. АҚШ болса, Еуропаға көгілдір отын тасымалын екі есе арттырды. Құрлық елдеріне 2022 жылы 56 млрд текше метр сұйытылған табиғи газ жеткізді. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу