Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банк вице-президенті Анна Бьердемен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банк вице-президенті Анна Бьердемен кездесті

14.03.2022

Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесті. Онда Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технология және қаржы саласындағы жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қатысты өзара ынтымақтастық перспективасы талқыланды. «Серіктестігіміздің отыз жылында шағын және орта бизнес, қаржы, энергетика, ақпараттық технологиямен қатар экономиканың түрлі саласында 55-тен астам жобаны сәтті іске асырдық», - деді Премьер. Бірлескен инфрақұрылымды дамыту бойынша «Достық – Мойынты» жол учаскесін салу жобасы қаралды. Қазір жол құрылысы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске асты.


Хабарламаларға жазылу