Жібек жолындағы біріккен инновациялар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жібек жолындағы біріккен инновациялар форумы басталды

28.08.2017

Жібек жолына ортақ инновациялық жобалар қажет. Бұл туралы Назарбаев университетінде өткен  халықаралық форумда айтылды. Қытай, Корея, Эстония және Ресейден келген 150-ге жуық кәсіпкер бұл бағыттағы өз ұсыныс-тілектерін айтып, тауарлардың еркін тасымалдануына қатысты пікірлерін білдірді. Бизнес қауымдастықтың айтуынша, осы күндері сауда-саттықта кедергілер азайған дегенмен, оны одан әрі жандандарыру үшін инновациялық жобаларды енгізген жөн. Шара барысында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастық жайы да талқыланды. Кәсіпкерлер «жасыл» экономика, энергетика, медицина саласында ортақ жобаларды іске асыруға ниетті.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу