Қазақстан мен Румыния арасында энергетика саласында ынтымақтастық артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Румыния арасында энергетика саласында ынтымақтастық артады

19.02.2024

Қазақстан мен Румыния инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құрады. Бұл туралы Бухаресте өткен екі елдің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысында мәлім болды.

Бас қосуға Қазақстандық делегацияны энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастап барды. Қос тарап өкілдері энергетика, химия және металлургия, көлік саласында ынтымақты нығайтуға ынталы. Сапар аясында еліміздің энергетика министрі Ромпетрол «Valcele» жанармай құю станциясы мен «Petromidia» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Румынияның газ және әлеуметтік атом энергетикасын дамыту компанияларының басшыларымен кездесіп, өзара тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу