Атырау облысындағы резерваттың 85 гектарын жалын шарпыды
Атырау облысына қарасты «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртті өшіруге Маңғыстаудан тікұшақ тартылады. 70-тен астам адам мен ондаған техниканың қызыл жалынмен күресіп жатқанына осымен төртінші күн. Қазір қорықтың 85гектар жері күлге айналды. Тілсіз жау 4 гектар аумақта әлі лаулап жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан. Жел мен батпақ отты сөндіруге қиындық тудырып тұр. Әзірге өрттің шығу себебі адами фактор болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03