«NAURYZ-2023» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«NAURYZ-2023» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

31.03.2023

«Nauryz» ұлттық телесериалдар бәйгесі жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған байқауда Ұлттық арнаныңда бірнеше телеөнімі үздік атанды.

Телесериалдар бәйгесінің шорт-парағына енген шығармашылық ұжым өкілдері, актерлер мен актрисалар «қызыл кіліммен» жүріп өтті. Бәрінің ішінде қобалжу, үздік атансақ деген тілек бар.

Қазақстанның оскары. Биыл бірінші рет өткен бәйгеге қатысу үшін 250-ден аса өтінім келіп түскен. Шорт-параққа 13 номинация бойынша 52 номинант енді. Жеңімпаздар қазылар алқасы мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а.:

Бұл байқауды жылда дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. «Nauryz» деп атауымыздың себебі, біз жыл сайын наурызда өткен жылдың қорытындысын шығарып отырамыз. Сонымен қатар, телесераиалдарға жаңа байқау жариялап отырмыз. Енді, «Тұмар» байқауына анимациялық филімдер мен деректі фильмдерді енгізетін боламыз.

«Nauryz» ұлттық телесериалдар бәйгесінің жеңімпаздары қатарында Ұлттық арнаның үш өнімі бар. Атап айтқанда, Үздік тарихи сериал: «Міржақып. Оян,Қазақ!», Үздік драмалық сериал «Ақжауын». Сонымен бірге, «Қаныш.Қазына» тарихи сериалының режиссері Ерлан Нұрмұхамбетовтің жұмысы жоғары бағаланды.

Көрермен көзайымына айналған «Ақжауын» телехикаясы топ жарды. Сериалдың екі маусымы да түрік телехикаялары рейтингінен асып түскен. Ютубтағы сериаларының қаралымы 1 миллоннан асқан. Телехикая продюссерінің айтуынша, жақын арада «Ақжауынның» толық метрлі киносының түсірілімі басталады.

Айкерім Самалбекқызы, «Ақжауын» телехикаясының бас продюсері:

Ең біріншіден, бұл менің республикалық арнаға түсірген алғашқы тырнақалды туындым. Сондықтан ерекше қобалжыдым және қуандым. Өйткені залда менің ұстаздарым отырды. Сондықтан осы жобаны маған жас продюссер болсам да сенім артқан Ұлттық арна басшылығына, командаға алғыс айтамын.

Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Nauryz» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу