6 қыркүйекте Астанада аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі өтеді
6 қыркүйек күні өтетін турнирге республикамыздың 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлік бәсекеге түседі, деп жоспарлануда. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің басты ерекшелігі бәйге жолы ұзартылған. Яғни, өткен жылы 43 шақырымға созылса, биыл 51 шақырымға жетті.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Бас жүлде 10 000 000 теңге. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанадағы «Келешек мектепте» алғашқы дзюдо зал ашылды
15.12.2025, 13:18
Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
15.12.2025, 13:15
Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
15.12.2025, 13:12
Иранда жанармай қымбаттады
15.12.2025, 13:09
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
15.12.2025, 13:06
Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
15.12.2025, 13:00
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
15.12.2025, 10:30
Жерлестеріміз V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
15.12.2025, 10:28