Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды. Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 сотында бүгін үкім оқылды. Оған сәйкес Боранбаевтың меншігіндегі жылжымайтын мүлкі мен жер учаскесі, банк шоттарындағы төрт миллиард теңгеден астам қаражаты мемлекет меншігіне өтеді
Назгүл Бапақова, №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы:
ҚР Қылмыстық кодексі 28 бабының 5-бөлігіне, 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағына сәйкес Боранбаев, Нахановтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады.
Сот үкімінде Қайрат Боранбаевқа тағайындалған мемлекеттік наградаларды кері қайтару туралы да айтылды. Оның «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені бар. Сот үкіміне 15 тәулік ішінде аппеляциялық шағым түсіруге болады.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында 11 мың студент тегін білім алып жатыр
31.03.2026, 13:24
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтағысы келеді
31.03.2026, 13:18
Бет-әлпетті бүркеуге болмайды
31.03.2026, 13:15
Алматыда кибералаяқтардан ₸700 миллион қайтарылды
31.03.2026, 13:12
Алматыға ірі дәрі-дәрмек партиясы заңсыз әкелінген
31.03.2026, 13:09
ҰҚК 118 қару тәркілеген
31.03.2026, 13:06
Өскемендегі қою тұман ұшақтарға кедергі келтіруде
31.03.2026, 13:03
Жетісу облысында тағы жер сілкінді
31.03.2026, 13:00