Көкшетауда студенттер жаппай уланған
Көкшетау қаласында жоғары медициналық колледждің 17 студенті астан уланып, ауруханаға түсті. Олар шаһардағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен суши сатып алған. Кейін бәрінің іші ауырып, жедел жәрдем шақырыпты. Қазіргі уақытта студенттердің жағдайы бірқалыпты. Олар амбулаториялық ем алып, үйлеріне жіберілді. Осыдан кейін жақында ашылған дәмхананы санитар дәрігерлер тексеріп, үш аспазбен ондағы азық-түліктен стафилококк таяқшасын тапқан. Дәмхана уақытша жабылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18