Филиппин аралдарында жолаушылар мінген кеме өртеніп, суға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында жолаушылар мінген кеме өртеніп, суға батты

30.03.2023

Филиппин аралдарының оңтүстігінде жолаушылар мінген кеме өртеніп, суға батты. Теңізден 31 адамның денесі табылған. Бірнеше жолаушы жоғалып кетті. Оларды іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. 230 адам тірі қалды. Олардың көбі өрт басталып жатқанда суға секіріп, аман қалды. Оларды жағалау күзеті, әскери-теңіз флоты мен балық аулаушылар құтқарып қалған. 23 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Құрдымға кеткен кеме Сулу провинциясындағы Джоло қаласынан Замбоанга портына бет алған. Алайда түн ортасы болғанда жарты жолда өртке оранды. Кеме бортында тізімде болмаған заңсыз жолаушылар да болды деген ақпарат бар. Ал апаттың себебі әзірге белгісіз. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу