Шри-Ланкада химиялық заттар тиелген кеме өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада химиялық заттар тиелген кеме өртеніп жатыр

26.05.2021

Шри-Ланкада алтыншы күн қатарынан жүк тасымалдайтын кеме өртеніп жатыр. Жағалауда тұрған су көлігінде жарылыс болып,салдарынан екі адам жараланған еді. Экипаж мүшелері түгелдей эвакуацияланды. Олардың арасында Ресей, Үндістан мен Филиппин азаматтары бар. Сингапурға тиесілі кеме Үндістан портынан шыққан, бортында химиялық заттар, косметика мен 25 тонна азот қышқылы тиелген мың жарымдай контейнер бар. Жалынды сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Шри-Ланканың құзырлы органдары Голландиядан арнайы жабдық күтіп отырғанын хабарлады. Үндістан билігі де көмекке ұшақ пен кеме және мамандар жіберген.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу