Филиппинде жанартау оянып, 75 мың адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде жанартау оянып, 75 мың адам эвакуацияланды

29.01.2018

Филиппин аралдарында жанартау оянып, Майон тауынан түтін будақтап, лава ағып жатыр. Апаттық жағдайға байланысты 75 мың адам көшірілді. Қауіптілік жоғарғы 4-ші шкаланы көрсетіп, «қызыл» түсті дәрежеге жетті. Адамдар уақытша шатырлар мен мектептерде орналастырылды. Жергілікті биліктің ескертуіне қарамастан, кейбір фермерлер шаруашылығын тастап кетуден бас тартып отыр. Осыдан бірер минут келіп түскен мәліметтер бойынша жергілікті әуежайда кейінге қалған рейстер саны 100-ден асып, жолаушылар терминалда күтуге мәжбүр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу