Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Астанаға келді

28.03.2023

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Астанаға келді. Қазақстан бұл ұйымға 30 жылдан бері мүше. Агенттік атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануға ниетті елдерге кеңес беріп, нұсқаулықтар дайындайды. Бұл жолғы делегация елдегі ядролық инфроқұрылымның дайындығын тексеруге келген. Оған арнайы заң қабылдау, ұйымдар құру, сала мамандарын дайындау кіреді.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

2016 жылы келіп кеткен кезде бізге 22 нұсқау жазып берген. Осы нұсқаулардың орындалуын қазір тексеруге келді. Тексеріп болғаннан кейін біз есеп береміз. Тек қана министрлік емес бұл жерде, сонымен қатар Қазатомпром мекемесі, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Үлбі металлургия зауыты бар.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу