Бүгін Ұлттық арнада «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасының екінші маусымы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасының екінші маусымы басталады

25.03.2023

Бүгін сағат 20:40-та көрермен көңілінен шыққан «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мега жобасының екінші маусымы басталады. Байқау жалпы төрт кезеңнен тұрады. Оған қатысуға 6 мыңнан астам өтініш түскен. Қатысушыларға танымал әншілер қазылық етеді. Олар «Ninety One» тобының мүшесі – Alem. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Толқын Забирова және Жұбаныш Жексенұлы мен Мархаба Сәби. Әр тәлімгер өз тобына үздік деп тапқан 15 баланы іріктейді. Айта кету керек, жас өнерпаздардың арасында тек қазақстандық қана емес шетелден келген қатысушылар да бар.  

Хабарламаларға жазылу