«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушысы Шерхан Арыстан әлемдегі ең үздік 10 жас әншінің қатарына қосылды
Ұлттық арнада көрсетілетін «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушысы Шерхан Арыстан әлемдегі ең үздік 10 жас әншінің қатарына қосылды. «The Voice. Kids» мегажобасы 100 елдің басты арналарында көрсетіледі. Бүгін барлық мемлекеттердегі қатысушылар арасынан 10 үздік өнерпаздың рейтингі шықты. Үздіктер қатарында «Молдабайдың әнін» шырқап 4 бірдей тәлімгерді өзіне қаратқан Шерхан Арыстан да бар. Одан бөлек Испания, Германия, Индонезия, Албания сияқты елдердің жас әншілері де топ-рейтингке кірген.
Айта өтейік «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасы Ұлттық арнада әр сенбі, 21.00-де эфирге шығады. Телерадиокорпорация жобаны биылғы «Балалар жылына» орай қолға алған. Оған еліміздің әр түкпірінен 120 бала қатысып жатыр.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04